Мосул операциясы алдында соңғы дайындықтар жасалды

Мосулды ДАИШ-тен тазалау мақсат етілген операция соңғы сатыға жетті.

590390
Мосул операциясы алдында соңғы дайындықтар жасалды

Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды ДАИШ террор ұйымынан тазалауды нысанаға алған операцияда соңғы қадамдар басылды.

Аймақтағы АҚШ жасақтары ұйымға тиесілі нысандарды зеңбірекпен атқылауда.

АҚШ пен Франция соғыс ұшақтарымен Мосулдың шығысындағы ДАИШ террор ұйымы нысаналарын бомбалауда.

Қаладағы террористтердің мұнай құдықтарын өртегені білдірілді.

Премьер-министрлік ақпарат көздері «мәзхабтық қақтығыс» ескертуінің назарға алынғанын және операцияға шиіт күштердің қатыспағанын білдірді.

Түркия АҚШ әкімшілігіне Мосул операциясына шиіт күштердің қатысуының «ғасырлық мәзхаб соғыстарының бастауына» себеп болатынын ескерткен болатын.

Түрік әскері болса қазір жасалғандардың операция алдында шеңберді кішірейту және әскери үйінді жасау екеніне назар аударып, операция алдындағы соңғы дайындық екенін атап көрсетуде.



Ұқсас жаңалықтар