Обаманың Сирия дипломатиясы

Обама командасынан Сирия дағдарысының шешімі үшін дипломатиялық тұғыр ұстануын талап етті.

590173
Обаманың Сирия дипломатиясы

Америка Құрама Штаттары Президенті Барак Обама Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысында командасынан Сирия дағдарысының шешімі үшін дипломатиялық тұғыр ұстануын және көп жақты кездесулердің жалғастырылуын талап етті.

Обаманың Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен өткізген Сирия тақырыбындағы жиналыстан кейін Ақүйден мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде террор ұйымы ДАИШ-пен күресу және Сирия халқының қайғыларын қалай азайту жөніндегі тақырыптардың қолға алынғанын білдіріп, «Президент командасы Сирияның батысындағы қанды шабуыл және Асад режимінің өз халқына жасаған зұлматтар жөнінде одақтастарымен өткізілетін кездесулермен байланысты мағлұмат берді» деген сөздер қолданылды.

        



Ұқсас жаңалықтар