Сириялық 30 босқынға қақпасын ашты

Босқындар Швейцарияда стандарт босқын заңына бағынышты болады.

582679
Сириялық 30 босқынға қақпасын ашты

Швейцария үкіметі Еуропа Одағы қайтадан орналастыру бағдарламасы аясында бірінші рет Сириялық 30 босқынға қақпасын ашты.

Швейцария Ақпарат агенттігіне мәлімет берген Көш мемлекеттік хатшылығы өкілі Гиери Кавелти үкіметтің Грекиядағы 30 сириялық босқынды қабылдағанын айтты.

Грекиядағы босқындардың келуінің Еуроодақтың қайтадан орналастыру қаражатын төлеуге қарсы шығуымен кешіккенін баяндаған Кавелти қаражатты енді өздері төлейтінін білдірді.

Босқындар Швейцарияда стандарт босқын заңына бағынышты болады.

Швейцария үкіметі 2015 жылы Сириядағы қақтығыс аймақтарынан 3 мың босқынды қабылдайтынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар