Ресей президенті Владимир Путин Түркияға келеді

Путиннің Стамбұлда ұйымдастырылатын Халықаралық энергия конгресіне қатысатыны білдірілді.

582784
Ресей президенті Владимир Путин Түркияға келеді

Ресей президенті Владимир Путин 10 қазан күні Түркияға келеді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесетін Путиннің Стамбұлда ұйымдастырылатын Халықаралық энергия конгресіне қатысатыны білдірілді.

Ресей президенттік аппараттың кеңесшісі Юрий Ушаков жасаған мәлімдемеде «Путиннің Түркия сапары 10 қазан күні жүзеге асады. Путин Халықаралық энергия конгресінде баяндама жасап, оңаша кездесулер өткізеді» делінді.

Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков болса бұдан бұрын жасаған мәлімдемеде Путиннің қазан айы басында Түркияға ресми сапар ұйымдастыратынын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар