Македонияда Ердоған стадионы ашылды

Македонияның Гостивар қаласына қарасты Жоғары Баница ауылында Ердоған атындағы стадион ашылды.

577114
Македонияда Ердоған стадионы ашылды

Македонияның солтүстік батысындағы Гостивар қаласына қарасты Жоғары Баница ауылында Түркия Республикасының президенті Ердоған атындағы стадион ашылды.

Түрік азаматтар тұратын ауылдың футбол командасының стадионының ашылу рәсіміне Македония мемлекеттік министрі Фуркан Чако, Гостивар муниципалитетінің төрағасы Невзат Бейта,  Жоғары Баница Трабзонспорт клубының төрағасы Мұхаммед Шабани, Македония Түрік қоғамдары одағының төрағасы Тахсин  Ибрахим және басқа да қонақтар қатысты.

Министр Чако осында сөйлеген сөзінде осы стадионның ашылуы кішкентай қадам болса да,  қоғамның және жастардың денсаулығы үшін үлкен қадам екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар