Босқындар кірмесін деп қабырға салады

Кале портына қабырға салына бастады.

574308
Босқындар кірмесін деп қабырға салады

Франция мен Ұлыбританияны бір-бірімен байланыстырып тұрған Кале портына қабырға салына бастады.

Қабырға шамамен 10 мың адам тұратын Кале лагеріндегі босқындардың Ұлыбританияға көлікпен заңсыз кіруінің алдын алу мақсатында салынуда.

Франция және Ұлыбритания лауазым иелері сәуір айында осындай қабырға салу үшін келіскен болатын.  Қабырғаның ұзындығы 1 км,  биіктігі 4 метр болады.

Кале акиматының хабарына қарағанда қабырға жылдың аяғына дейін салынып бітеді. Порттағы қабырға Ұлыбританияның қаражатына салынады.


Этикеттер: #босқын , #порт , #қабырға

Ұқсас жаңалықтар