Қақпа қажылар үшін ашылады

Шекара қақпасы 18 қыркүйек жексенбі күнінен бастап 4 күн ашық болады.

571638
Қақпа қажылар үшін ашылады

Мысыр Рефах қақпасын қажылардың қайтуы үшін 4 күндігіне ашық деп жариялады.  Израиль қоршауы себепті Газа секторының әлеммен байланысатын жалғыз қақпасы болып табылатын Рефах қақпасы тек бір жақты ашылады.

Бұл туралы Рефах шекара қақпасының Палестина жағындағы директоры Хишам Адван хабарлады. Қасиетті мекендегі парыздарын өтеген шамамен 500 қажының еліне қайтуы үшін шекара қақпасы 18 қыркүйек жексенбі күнінен бастап 4 күн ашық болады.

Мысыр 30 тамыз күні Газалық қажылар үшін осы қақпаны 3 күндігіне ашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар