АҚШ пен Ресей Сирияда 7 күндік атысты тоқтату тақырыбында келісті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Женевада бас қосты.

569146
АҚШ пен Ресей Сирияда 7 күндік атысты тоқтату тақырыбында келісті

АҚШ пен Ресей Сирияда ел көлемінде атысты тоқтатудың 12 қыркүйек күні яңни, Құрбан айтта басталуы тақырыбында келісті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Швейцарияның Женева қаласында Сирия дағдарысы тақырыбын қолға алу үшін бас қосты. Кездесудің артынан баспасөзге мәлімдме жасалды.

Керри Сирияда қақтығыстарды азайту, қайғыларды тоқтату, бейбіт және саяси өтпелі кезеңге өту жұмыстарын жалғастыру тақырыбында келіскендерін білдірді.

Лавров болса атысты тоқтатудың 7 күн іске қосылуының артынан АҚШ-пен бір орталық құратындарын жеткізді.

Әр екі елден әскери және саяси мамандардың Сириядағы лаңкестік күштердің және оппозицияның орнын анықтап, бір-бірінен айырылатынын білдірген Лавров "Ресей әуе күштері және АҚШ әуе күштерінің Сириядағы террористтерге қарсы ортақ әуе шабуылы жасау тақрыбында келістік. Шабуылдар жаслатын жерлердің кординациялары тақырыбында келісімге келдік" деді.



Ұқсас жаңалықтар