Йемендегі қақтығыстар мен шабуылдарда 11 адам қаза тапты

Йеменнің Таиз және Мағриб қалаларында қақтығыстар жалғасуда.

566073
Йемендегі қақтығыстар мен шабуылдарда 11 адам қаза тапты

Йеменнің Таиз және Мағриб қалаларында шыққан қақтығыс және шабуылдарда 11 адам қаза тапты, 26 адам жарақат алды.

Үкімет жақтаушысы Халық көтерілісі күштері тарапынан жасалған мәлімдемеде хоуситтердің Таизге қарасты Хан тауы аймағын бақылауға алу үшін жасаған шабуылында 1 әскердің де қаза тапқаны білдірілді.

Эд-Дабаб аймағында да тараптар арасында шыққан қақтығыста 9 хоусит қаза тапты.

Хоуситтердің қала орталығындағы тұрғын жерлеріне зымыран және артиллерия снарядымен жасаған шабуылында 1 жазықсыз адам қаза тапты, 6 адам жарақат алды.

Мағриб болса ұлттық армия жасақтары бар аймақта жолға орналастырған бомбаның жарылуы салдарынан 20 әскер жараланды.

Шабуылдың жауапкершілігін қазірше ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар