Италиядағы зілзалада қаза тапқандар саны 267-ге жетті

Италияның орталығында болған зілзалада жаралылар саны болса 400.

559069
Италиядағы зілзалада қаза тапқандар саны 267-ге жетті

Италияның орталығында болған зілзала апатында қаза тапқандар саны 240-тан асты. Жаралы саны болса 370-ке жетті.

Жер қабатынан 10 шақырым жерде болған және 20 секунд арамен мықты дүмпілдер жалғасқан жер сілкінісін Рим де сезінді.

Зілзалада Аматриче, Аккумоли және Аркуата дел-Тронто аудандары үлкен зардап шекті.

Апат аймағында құтқарушылардың жұмыстары жалғасуда. Үйінділер арасында көптеген адам бар екені хабарланды.

Мамандар зілзаланың артынан дүмпілдердің жалғасатыны жөнінде халыққа ескерту жасауда.

Апат аймағын аралаған премьер-министр Маттео Ренци жаназалардың куәлігін анықтауда қиыншылықтар бар екенін атап айтты.

Италия премьер-министрі Министрлер Кеңесінің бүгін жедел жиналатынын және жағдайды бағалайтынын білдірді.

Басқа жағынан Италияда аза тұту жарияланды.

Құрбандар үшін барлық мемлекеттік мекемелердегі байрақтарды жартыға түсіруге шешім қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар