Иракта бейбіт азаматтарға шабуыл

Шабуылда 12 адам қаза тапты. 35 адам жарақат алды.

554620
Иракта бейбіт азаматтарға шабуыл

Ирактың солтүстігіндегі Салахаддин уәлаятында ел ішінде көшуге мәжбүр болған азаматтар жиналған бір орталыққа шабуыл жасалды.  Шабуылда 12 адам қаза тапты. 35 адам жарақат алды.

Ирак полиция қызметкері, капитан Иад Самураи жаралы азаматтар арасында жағдайы ауыр адамдар бар екенін білдірді. Куәгерлердің айтуынша миномет снарядтары террор ұйымы ДАИШ бақылауындағы Шеркат бағытынан келген.

Шеркаттағы азаматтар армияның қоршауынан және ДАИШ-тың қысымынан құтылу үшін Бейжиге қашуға тырысуда.

Ирак армиясы шамамен екі ай бұрын Мосулдың оңтүстігіндегі Шеркат және Каяяараның террор ұйымы ДАИШ-тен кері алынуы үшін операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар