АҚШ мәлімдемешісі Гүлен жайлы сұрақтарға толық жауап қайтармады

Фетуллах Гүлен жайлы сұрақтарға қайтарылған жауаптар қанағаттандырмады.

553599
АҚШ мәлімдемешісі Гүлен жайлы сұрақтарға толық жауап қайтармады

АҚШ Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының (FETÖ/PDY) басшысы Фетуллах Гүленнің елден қашуының алдын алатын кейбір механизмдер бар екенін мәлімдеді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Марк Тонер күнделікті баспасөз жиналысында Түркияның FETÖ басшысы үшін жасаған кері қайтару талабымен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Тонер түрік лауазымдылардың өздеріне жеткізілген құжаттармен жұмыстардың жалғасқанын атап айтты.

«Қазіргі сатыда кері қайтару кезеңінің басталуы үшін Гүленнің тұтқындалмағанына қарағанда әлі жеткілікті айғақ жоқ екенін айтасыз ба?» деген сұраққа Тонер кері қайтару тақырыбында әлі бір шешім қабылданбағанын білдірді.

FETÖ басшысы Гүленнің АҚШ-тан қашуының алдын алатын механизмдер бар екенін атап айтқан Тонер бұл тақырыпта мәлімет беруден бас тартты.

«Жалпы террор шабуылы жасаумен айыпталған бір адамды ұстап қашуының алдын алдыңыз, дұрыс па?» деген сұраққа Тонер бұл тақырыпта Әділет министрлігінің жауапты екенін атап айтты.

Министрлік мәлімдемешісі Фетуллах Гүленнің паспортының күшін жойылмағаны және оған саяхат тыйымы салынып салынбағаны жайлы сұрақты жауапсыз қалдырды.



Ұқсас жаңалықтар