Бағдатта бірнеше жарылыс болды

Ирактың бас қаласы Бағдатта болған жарылыстарда 6 адам қаза тапты.

552637
Бағдатта бірнеше жарылыс болды

Ирактың бас қаласы Бағдатта болған жарылыстарда 6 адам қаза тапты.  Олардың бірі – полиция қызметкері.  Жарылыстарда 20 адам жарақат алды.

Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда,  Бағдаттың солтүстігіндегі Әт Тариымие ауданында бір мерген полиция қызметкерін атып түсірді. Оқиғада екі полиция қызметкері жараланды. Басқа бір жерде базардың қасында болған жарылыста 2 адам қаза тапты. 6 адам жараланды.

Бас қаланың солтүстік батысында да бір дүкеннің алдында орналастырылған бомба жарылып, екі адам қаза тапты.  Оқиғада 5 адам жарақат алды.

Бағдаттың оңтүстігінде болса бір медициналық кешеннің жақын жеріне бомбалы шабуыл жасалды.  Осында да бір адам қаза тауып, 7 адам жараланды.

Шабуылдардың жауапкершілігін әлі ешкім өз мойнына алған жоқ.


Этикеттер: #Ирак , #жарылыс , #Бағдат

Ұқсас жаңалықтар