Халебтегі бір топ дәрігер Обамаға хат жолдады

Дәрігерлер президент Обамадан жазықсыз адамдарды құтқаруын талап етті.

549911
Халебтегі бір топ дәрігер Обамаға хат жолдады

Сирияда қақтығыстар артқан Халеб қаласында гуманитарлық бір трагедия бар. Дамаск әкімшілігі оппозицияның бақылауындағы Халебті бомбалауды жалғастырғанда, қаладағы бір топ дәрігер АҚШ президенті Барак Обамадан жазықсыз адамдарды құтқару үшін жедел қозғалуын талап етті.

Халебтің шығысында міндет атқарған 15 дәрігер президент Обамаға жазған хатында қаладағы жазықсыз адамдардың толығымен бейшара күйде екенін атар көрсетті.

Дәрігерлер қалада аштықтың артқанын, ауруханаларда болса медициналық материал мен дәрі-дәрмектің таусылғанын түсіндірді.

Хатқа қол қойған бір бала дәрігері үздіксіз жалғасқан шабуылдар мен тауысылып жатқан медициналық материалдар себепті балалардың өліміне куә болудан басқа ешнәрсе істей алмағанын жеткізді.

Дәрігерлер хаттарында қозғалмағаны үшін айыптағандары Вашингтон әкімшілігінің жазықсыз адамдарды құтқару үшін тараптар үстіндегі күшін қолданудың орнына үнсіз отырғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар