Жапон император тақтан бас тартты

Жапонияның 82 жасар императоры Акихито теледидарда жарияланған халыққа үндеуінде тақтан кететінін мәлімдеді.

547417
Жапон император тақтан бас тартты

Жапон императоры Акихито тақтан бас тартады.

Жапонияның 82 жасар императоры Акихито теледидарда жарияланған халыққа үндеуінде тақтан кететінін мәлімдеді.

Елде қазіргі заңдар императордың міндеттен кетуіне байланысты ешбір үкімді қамтымайды. Сондықтан Акихитоның тақтан кетуі үшін заңды реттеу керек.

Жапония премьер-министрі императордың тақтан кетуі сұранысын талқылайтындарын айтты.

Акихито тақтан кететін болса орнына 56 жасар баласы Нарухито отырады.

Жапонияда соңғы рет 1817 жылы император Кокаку өз еркімен тақтан бас тартқан болатын.

Акихито әкесі император Хирохито1989 жылы 7 қаңтар күні қайтыс болғаннан кейін 55 жасында таққа келген еді.



Ұқсас жаңалықтар