Халебте қақтығыстар үздіксіз жалғасуда

Сирияның Халеб қаласында 25 режим әскері өлтірілді.

542958
Халебте қақтығыстар үздіксіз жалғасуда

Сирияның Халеб қаласында Фатх армиясының (Джейш эль-Фатх) қоршаудан құтылу үшін басталған операцияда 25 режим әскері қаза тапты.

Операцияда Шыфре ауылы мен Әл-Махрукта төбесінің бақылауы қайтадан Фатх армиясына өтті.

Оппозиционерлер қаланың оңтүстігіндегі артиллерия мектебі маңында режим күштері штаб пәтер ретінде қолданған тоңазытқыш фабрикасын да бақылауға алды.

Оппозиционерлердің қақтығыстар кезінде бір танк пен үстінде автоматы бар бір көлікті жойғаны білдірілді.

Фатх армиясы кеше Халебтің оңтүстігіне жасаған операцияда 1 ауыл, 4 төбе, 3 танк және 1 зымыран жасағын бақылауға алып, қаланың оңтүстігіндегі қақтығыстарда 56 режим әскерін өлтірген болатын.

Режим күштері өткен ай қаланың солтүстігіндегі оппозиционерлердің жалғыз байланыс коридоры болған Кастилло трассасын бақылауға алып, оппозициялық аймақтарды қоршаған еді.

Сирия армиясына қарасты бір әскери тікұшақтан Идлиб қаласының Сиракиб ауданына құрамында «хлор газы» бар баррель бомбалары тасталды. Хлор газының 10 адамға әртүрлі ықпал еткені білдірілді.

Науқастанған жазықсыз адамдар ауруханаларға жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар