Германия үкіметі Кельндегі "демократия митингін" бағалады

Германия үкіметі митингтің бейбіт ортада өтуіне ризашылық білдірді.

542762
Германия үкіметі Кельндегі "демократия митингін" бағалады

Германия үкіметі Еуропадағы түріктердің Кельн қаласында кеше ұйымдастырған «Төңкеріске қарсы демократия митингінің» бейбіт ортада өтуіне ризашылық білдірді.

Неміс үкіметі мәлімдемешісі Ульрике Деммер шетелдік бір ел президентіне қолдау мақсатты Германияда митинг ұйымдастыру тақырыбымен байланысты «Атазаңымыздағы сөз бостандығы мұны да қамтиды. Әрине бейбіт өткізу шартымен» деді.

Деммер Германия Атазаң сотының президент Режеп Тайып Ердоғанның телеконференция арқылы митинг қатысушыларына үн қатуына рұқсат бермеуімен байланысты сөз қозғаудан бас тартты.

Неміс Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мартин Шафер болса түрік саясат қайраткерлерінің соңғы мәлімдемелерін «Германияның ішкі саясатына араласу» деп бағаламағандарын және қоғамның бұл тақырыптағы ұстанымының маңызды екенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар