Ислам мен террорды бірге қолдану - қате

Католиктердің рухани басшысы Рим папасы Франциск Ислам мен террор сөздерін  бірге қолданудың қате екенін айтты.

542293
Ислам мен террорды бірге қолдану - қате

Католиктердің рухани басшысы Рим папасы Франциск Ислам мен террор сөздерін  бірге қолданудың қате екенін айтты.

«Егер мұсылмандық зұлымдық туралы айтатын болсақ, онда  католиктік зұлымдық туралы да айтқан жөн», - деді ол.

Католик шәркейінің екі жылда бір өтетін Әлем жастар күніне орай 27-31 шілде күндері арасында Польшада болған Папа Франциск Францияда өткен апта қарулы кісілердің бір шіркеуге шабуылдағаны туралы сұрақтарға жауап берді.

Әлемнің тап қазір бір соғыста екенін,  алайда мұның діндер арасындағы соғыс еместігін айтқан Папа:

«Мұсылмандық зұлымдықты айту ұнамайды. Өйткені күн сайын газет беттерін ашқанда, Италияда біреу өзінің сүйіктісін, біреу енесін өлтірді деген ақпаратты оқып отырамын. Мұны істеген католиктер. Егер мұсылмандық зұлымдық туралы айтатын болсақ, онда  католиктік зұлымдық туралы да айтқан жөн», - деді ол.

Исламды террор діні деп айтудың қате екенін білдірген Папа: «Асыра сілтейтін топтар бар.  Мысалы ДАИШ. Алайда бұл кішігірім бір топ. Ислам террор діні емес. Бұлай айту қате» деді.



Ұқсас жаңалықтар