АҚШ Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс бастамасын бағалады

Джон Керби АҚШ-тың Түркиядағы 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

540432
АҚШ Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс бастамасын бағалады

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби елінің Фетуллахшы террор ұйымы паралеллді құрылымының (FETÖ/PDY) Түркиядағы 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Керби күнделікті баспасөз жиналысында қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында қанды төңкеріс бастамасының арқасында АҚШ бар екені болжамдарға наразылық көрсетіп, «Түркия тек қана бір одақтас емес, сондай-ақ досымыз» деді.

Керби ДАИШ террор ұйымына қарсы күрес операцияларында Түркияның маңызды рольі бар екенін және бұл тақырыпта Вашингтон мен Анкара арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатынын атап көрсетті.

Керби FETÖ/PDY-нің басшысы Фетуллах Гүленнің Түркияға кері қайтарылмаған жағдайда АҚШ пен Түркия ынтымақтастығына болымсыз ықпал ететіні жөніндегі пайымдарға «Біз Гүлен мен кері қайтарылуы тақырыбында байланыстымыз, кері қайтарылуы тек дәлелдерге сүйенеді» деді.

Бұл кезеңнің Сыртқы істер министрлігі мен Әділет министрлігі тарапынан тиісті түрде жалғасқанын атап көрсеткен Керби «Мұның алдында да айтқандай, кейбір құжаттар бізге келді және қазір талқылаудамыз. Бұл тақырыпта жаңа бір жаңалық болған емес» деді.

Төңкеріс бастамасын айыптағандарын және бұл бастаманың артынан түрік үкіметі басқан қадамдарды түсінгендерін білдірген Керби «Бұл мәселені соңына дейін шешу үкіметтің азаматтарына қарызы. Тексеру керек және төңкеріс бастамасын жасағандар жауапқа тартылу керек» деді.

Джон Керби Түркияда төңкеріс бастамасының артынан басылған қадамдармен байланысты «Қабылдаған шешімдердің себептері жайлы баяндауды түрік лауазымдыларына қалдырамын. Демократиялық шешімдері біз үшін маңызды. Дос және одақтас ретінде түрік лауазымдылармен бұл кезеңде жақын ынтымақтастығымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар