Президент Ердоған және Сауд Арабиясы королі Селман телефонмен әңгімелесті

Король Селман 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті алдында президент Ердоған мен түрік халқына қолдауын қайталады.

531580
Президент Ердоған және Сауд Арабиясы королі Селман телефонмен әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған және Сауд Арабиясы королі Селман ибн-Абдүлазиз әл-Сауд телефонмен әңгімелесті.

Президенттік ақпарат көздеріне қарағанда Сауд Арабиясы королі Селман 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті алдында президент Ердоған мен түрік халқына қолдауын қайталады.

Түркияда сайлаумен билік басына келген үкіметті қолдағандарын атап көрсеткен король Селман Түркияның бейбіт, тұрақты және қауіпсіздігінің бүкіл аймақ мемлекеттері үшін маңызды екеніне назар аударды.

Президент Ердоған Сауд Арабиясы королі Селманға қолдауы үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар