Әлем мемлекеттері Ницца шабуылын қатаң түрде айыптады

Халықаралық қоғам Франциядағы қанды шабуылды айыптауда.

529735
Әлем мемлекеттері Ницца шабуылын қатаң түрде айыптады

Францияның Ницца қаласындағы шабуылдың артынан әлем мемлекеттерінен жедел хаттар мен Францияға қолдау жолдамалары келе бастады.

Шабуылға алғашқы наразылық АҚШ президенті Барак Обама және Еуроодақ кеңесі төрағасы Дональд Тусктан келді.

Обама жасаған жазбаша мәлімдемеде Ницца қаласындағы қорқынышты террор шабуылын қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Обама француз мекемелері талап еткен жағдайда әртүрлі қолдауды көрсетуге дайын екендерін атап көрсетті.

Еуроодақ кеңесі төрағасы Дональд Туск болса Еуроодақ және Азия елдері арасында болып өткен 11-ші ASEM саммиті үшін барған Моңғолияның астанасы Ұланбатырда террор шабуылымен байланысты мәлімдеме жасап «Бұл Еуроодақ үшін, Франция үшін, барша адамзат үшін қайғылы бір күн. Шабуылға ұшырағандардың еркіндікті, тепе-теңдікті және бауырластықты тойлаған адамдардың нысанаға алынуы қайғымызды екі есе арттырады. Француз халқы мен үкіметін қолдаймыз» деді.

Эстония премьер-министрі Таави Рыйвас әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Ниццадағы Франция ұлттық мерекесіне қатысқан жазықсыз адамдар нысанаға алынған террор шабуылы мені қатты қайғыртты» деді.

Латвия Сыртқы істер министрі Эдгардс Ринкевикс болса жолдамасында «Ниццада қорқынышты және аяусыз жасалған террор шабуылын айыптаймыз. Латвия қайғылы және азалы Францияға ынтымақтастығын ұсынады» деді.

Бельгия мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрліктері де Франциядағы терактіні қатаң түрде айыптағандарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар