НАТО мен Ресей арасындағы келіссөздер тағы шешімсіз қалды

Өкілетті елшілер деңгейінде өткен НАТО-Ресей кеңесі жиналысында тараптар келісе алмады.

529163
НАТО мен Ресей арасындағы келіссөздер тағы шешімсіз қалды

НАТО мен Ресей арасындағы келісімсіздік тағы шешіле алмады.

Өкілетті елшілер деңгейінде өткен НАТО-Ресей кеңесі жиналысында тараптар ортақ көзқарасқа келе алмады.

Ресейдің 2014 жылы Қырымды аннекциялауының артынан НАТО-Ресей кеңесі екінші рет бас қосты.

Жиналыста Ресейдің Еуропада мазасыздыққа себеп болған әскери жұмыстары мен 8-9 шілде күндері Варшавадағы НАТО саммитінде қабылданған шешімдері қолға алынды.

Дегенмен тараптар бұл жолы да келісе алмады.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг кеңестің келіссөз тұрғысынан маңызын жалғастырғанын атап, «Бүгін ортақ бір көзқарасқа келе алмадық. Бірақ екі тарапта тұғырын ашық түрде ортаға қойды» деді.

НАТО мүшелерінің Украинаның шекара тұтастығы мен егемендігіне деген толық қолдауының жалғасқанын атап көрсеткен Столтенберг «Минск келісімінің бүкіл тараптары берілген уәделерге бағыну керек және Ресейдің бұл тақырыпта үлкен жауапкершілігі бар» деді.

Ресейдің қимылдарының Еуропа-Атлант қауіпсіздігіне қоса, НАТО-Ресей ынтымақтастығына да қауіп төндіргенін білдірген Столтенберг Украинаның шығысындағы мәселенің бейбітшіл жолмен шешімінің ынтымақтастыққа үлес қосатынын атап айтты.

Ресейдің Балтық теңізінде әуе кеңістігі қауіпсіздігіне қатысты бір ұсыныс жасағанын да тап көрсеткен Столтенберг «Ресейдің рисктерді азайту шараларын іске қосу ниетін жақсы қарсы аламын» деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса Еуропа құрлығында Ресейді шеттету саясаты жүргізілгенін алға тартты.

НАТО мен Ресей ынтымақтастығын Ресейдің Қырымды аннекциялауымен 2014 жылы толығымен үзілген болатын.

Екі жыл үзілістің артынан НАТО-Ресей кеңесі тұңғыш рет 20 сәуір күні қайтадан Брюссельде бас қосқан, дегенмен тараптар арасындағы «терең көзқарас айырмашылығы» шешіле алмаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар