Италиядағы пойыз апатында қаза тапқандар саны 25-ке өсті

Италиян хабар агенттігі АНСА қаза тапқандар санының одан да көбеюі мүмкін екенін атап көрсетті.

528222
Италиядағы пойыз апатында қаза тапқандар саны 25-ке өсті

Италияның Апулия аймағындағы пойыз апатында қаза тапқандар саны 25-ке өсті.

Италиян хабар агенттігі АНСА қаза тапқандар санының одан да арта алатынын атап көрсетті.

Бари қаласына қарасты Андрия мен Корато тұрғын аймақтары арасында кеше екі пойыздың соқтығысуының салдарынан 43 адам да жарақат алды.

Оқиғамен байланысты теміржолы апаты және бірден көп адамның өліміне жол ашу айыптарымен тергеу ашылды.

Италия президенті Серджио Маттарелла апатпен байланысты жасаған мәлімдемесінде «Бұл қабылданбайтын трагедияның себептерін тез арада анықтау керек» деген премьер-министр Маттео Ренци болса әлеуметтік медиа арқылы «Жақындары қаза тапқан жанұялар үшін қатты қайғырамыз. Сондай-ақ ашулымыз. Италияның шындықты білуге құқы бар» деп жазды.

Ренци Қатынас және инфрақұрылым министрі Гразиано Делриомен апат орнына барып, лауазымдылардан ақпар алды.

Апат болған теміржолы мен пойыз сапарларын ұйымдастырған жекеменшік «Ferrotramviaria» фирмасының Бас директоры Массимо Нитти «Бұл бұрын соңды болмаған бір трагедия» деді.

Аталмыш теміржолының 1 желісі бар екенін атап көрсеткен Нитти екі пойыздың бірге сапарға шықпау керектігін білдірді. Пойыздардың замандас ультра технологияға ие екенін жеткізген Нитти «250 метрлік алаңда тоқтау қабілетіне ие. Біз де әкімшілік тергеу бастадық. Бұл апатты бағалап, жауапкершілігімізді мойындаймыз. Қазір жаралыларға қажетті қолдауды беріп отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар