Иракта жанкешті шабуыл

Шабуылда 9 адам қаза тапты.

527613
Иракта жанкешті шабуыл

Ирактың бас қаласы Бағдатта бір базарға бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалды.

Шабуылда 9 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алды. Жаралылар жақын ауруханаларға жеткізілді.

Шабуылды ешкім мойындаған емес.  Бірақ ДАИШ террор ұйымы елдің әртүрлі қалаларына жиі жанкешті шабуыл жасауда.

Астана Бағдаттың Каррада аймағында 3 шілде күні жасалған және кем дегенде 292 адам қаза тапқан шабуылдың артынан елде төтенше жағдай жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар