Жапонияда сайлау

Сенат сайлауынан бұрын сайлаушы жасы 20-дан 18-ге төмендетілген еді.

527060
Жапонияда сайлау

Жапонияда биліктегі Синдзо Абэнің Либерал Демократ партиясы басшылығындағы коалициясы парламенттің сенаты үшін өткен кешегі сайлаудан жеңіп шықты.

121 орынның 56-сын Либерал партия, 14-ін Комей партиясы иеленді.

Осылайша коалиция Сенаттағы барлық орынның үштен екісін алды.

Бұл да елде Екінші дүниежүзілік соғыстан бері күшінде тұрған атазаңды өзгерту үшін жеткілікті.

Сенат сайлауынан бұрын сайлаушы жасы 20-дан 18-ге төмендетілген еді.

Жапонияда 242 орынды Сенаттың жартысы үш жылда бір сайлаумен жаңарып отырады.



Ұқсас жаңалықтар