Колумбияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Қайғылы оқиғада 17 әскер қаза тапты.

519597
Колумбияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Әскери ақпарат көздеріне қарағанда тікұшақтың елдің астанасы Боготаның солтүстігіндегі Джалдас аймағына құлады.

Апат орнына барған әскери құтқару тобы тікұшақтағы 17 әскери қызметкердің қаза тапқанын білдірді.

Қаза тапқан әскерлердің мәйіттерін табу үшін жұмыстар басталды.

Тікұшақтың құлау себебінің нашар ауарайы екені атап көрсетілді.

Елбасы Хуан Мануэл Сантос апатпен байланысты қайғырғанын мәлімдеді.

Сантос қаза тапқан әскерлердің жікшіл «ELN» тобына қарсы жасалатын операцияға қолдау мақсатты аймаққа барғанын жариялады.

Әскери қызметкерлерді апарған «MI 17» типі тікұшақ жексенбі күні жоғалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар