Ұлыбритания саяси және экномикалық дағдарыстың есігінде

Еуропалық басшылар бірінен соң бірі жиналыс өткізуде.

519094
Ұлыбритания саяси және экномикалық дағдарыстың есігінде

Ұлыбритания саяси және экономикалық бір хаосқа айнала бастады.

Референдумда «Еуроодақтан айырылуды» таңдаған Ұлыбританияда биржа құндылықтары құлдырады.

Ұлыбритания Қаржы министрі Джордж Озборн мемлекеттік қаржыға зиян келетінін, жаңа үкімет құрылғанша кезкелген бір қаржы шарасы жоспарланбағанын атап көрсетті.

Парламентте болса Қауымдар палатасы референдум қорытындысын талқылау үшін жиналады.

Ирландия парламенті де арнайы бір отырыста референдум нәтижесін бағалайды.

Айырылу жақтаушыларының басшылығын жасаған бұрынғы Лондон қала әкімі Борис Джонсон ортаға шыққан хаостың артынан сайлаушының ашуын басатын сөйлемдер қолдана бастады.

Джонсон «Ұлыбритания халқы Еуроодаққа барып саяхаттай алады, жұмыс істей алады, үй сатып алады және сол жерде өмір сүре  алады. Ұлыбританияның еркін сауда мен ортақ нарық мүмкіншіліктері жалғасады» деді.

Басқа жағынан айырылма шешімінің артынан елде шетел дұшпандығы артты.

Кембриджшир аймағында польшалық жанұялардың пошта жәшіктеріне «Польшалық құбыжықтардан құтыламыз» деп жазылған қағаздар тасталды.

Ньюкасл қаласында да радикал оңшылдар мен қарсы топ арасында дағдарыс шықты.

Еуроодақта шынын айтқанда өрт басталды. Еуропалық басшылар бірінен соң бірі жиналыс өткізуде.

Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде, Еуроодақ кеңесі төрағасы Доналд Туск, Франция президенті Франсуа Олланд және Италия премьер-министр Маттео Рензимен бас қосады.

Басшылар Ұлыбританияның айырылу шешімінің артынан одақтың бұзылған мықты көрінісін және тарқау кезеңінің басталмауы үшін қабылданатын шешімдерді қолға алады.

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрі Джон Керри болса Брюссельде Еуроодақтың Сыртқы қатынас және қауіпсіздік саясатына жауапты жоғары өкілі Федерика Могеринимен бас қосады.

Артынан да Ұлыбританияның астанасы Лондонда ағылшын әріптесі Филип Хэммондпен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар