Ливанда бірінен соң бірі 4 жанкешті шабуыл жасалды

Шабуылда 6 адам қаза тапты, 13 адам жарақат алды.

519078
Ливанда бірінен соң бірі 4 жанкешті шабуыл жасалды

Ливанның Сирия шекарасындағы Әл-Каа ауданында кеден қақпасы маңында бірінен соң бірі 4 жанкешті шабуыл жасалды. Шабуылда 6 адам қаза тапты, 13 адам жарақат алды.

Қауіпсіздік көздері тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда шабуылдардың 10 минут арамен жасалғаны атап көрсетілді.

Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.

Ливанның астанасы Бейрутта Хамра даңғылы маңында екі апта бұрын бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 2 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар