ПЙД террор ұйымынан 51 террорист айырылды

Террористтер Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі бақылауындағы аймақты паналады.

516023
ПЙД террор ұйымынан 51 террорист айырылды

Сирияда ПКК террор ұйымының тармағы ПЙД-нің қатарында соғысқан 51 террорист ұйымнан қашып, Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі (IKBY) бақылауындағы аймақты паналады.

Ұйымнан қашқан топтың көпшілігі мұның алдында Сирия армиясынан қашқан күрд әскерлерден тұрады.

Топтағы 5 адамның ПКК террор ұйымынан келгені және осылардың екеуінің алаңда қолбасшылық жасағанын атап көрсетті.

Ирак шекараларындағы Хасеке қаласына қарасты Тель-Кожер ауданында ПЙД-ден айырылып, Ирактың Рабиға ауданына өткен топ осында қолдарындағы жеңіл және ауыр қаруларды қайтарды. Қарулардың көпшілігінің АҚШ қарулары екені атап көрсетілді.

Топ ПЙД-ден айырылуларына себеп ретінде «ұйымның күрд халқына өкілдік жасамағанын және режим күштерімен ынтымақтастық жасағанын» атап көрсеткен ақпарат көздері ПЙД-ден қашқан топ пен әскерлердің мұның алдында да өздерін паналағанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар