94 жасар Ханниг сотталды

Ол Освенцим лагерінде міндет атқарған.

514597
94 жасар Ханниг сотталды

Федералды Германияда Освенцим лагерінің SS кезекші жасағынан 94 жасар Райнхолд Ханнинг 5 жыл бас бостандығынан айрылды.

Детмолд соты төреші Анке Груда айыпталушының үкімін оқи отырып, «Сіз шамамен екі жарым жыл Освенцим лагерінде қызмет атқардыңыз және жаппай жоюда рол ойнадыңыз» деді.

Сот 94 жасар Ханнингті кемінде 170 мың оқиғада атының кездесуіне байланысты қылмысты деп тапты.

Сот төрешісі айырықша «Ханниг Освенцимде күнде жазықсыз адамдардың газ бөлмелерінде өлтірілгенін білетін еді» деген сөздер қолданды.

1943 және 1944 жылдар арасында Освенцим лагерінде міндет атқарған Ханниг    сотта фашистік Германияның лагерінде міндет атқарғанын және осында жаппай жою болғанын мойындады,  ол қырғыннан аман қалған азаматтар мен құрбандардың туыстарынан кешірім сұрады.



Ұқсас жаңалықтар