Әлемде босқындар саны 65 миллионнан асты

Миграция комиссариаты Халықаралық Босқындар күнінде рапорт жариялады.

514280
Әлемде босқындар саны 65 миллионнан асты

БҰҰ Миграция жоғары комиссариаты өткен жылы 5 миллионнан астам адамның үйін тастап кетуге мәжбүр болғанын, елдерінен күштеп шығарылғандардың санының 65,3 миллионға жеткенін жариялады.

Миграция комиссариаты Халықаралық Босқындар күнінде рапорт жариялады. Рапортта соғыстар,  қақтығыс, залымдық,  күш қолдану және адам құқықтарын таптауға байланысты 2015 жылы әлем көлемінде күштеп көшірілгендер санының рекорд деңгейге жеткеніне назар аударылды.

Есепке қарағанда 2015 жылы үйлерінен кетуге мәжбүр болғандардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,8 миллион адам артты.  Бұның жартысын балалар қалыптастырады.

Әлем көлемінде елінен кеткендердің саны бір елдің халқы болғанда, әлемнің ең ірі 21-ші елі болар еді.

Әлем көлемінде үйлерінен кетуге мәжбүр болған 65 миллионнан астам адамның үштен екеуі ел ішінде көшкендер.  21,3 миллион адам болса босқын жағдайында. 3,2 миллион адам да дамыған елдерге бару үшін өтініш берді.

Әрбір минут сайын орташа 24 адам үйлерінен кетуге мәжбүр болады.

Сирия,  Ауғанстан, Сомали -  ең көп босқын берген үш ел.

Барлық босқынның 54 пайызы осы үш елден шығып отыр.

Сирияда 2011 жылдан бері 4,9 миллион адам босқын болды. Сириядан кейін 2,7 миллион босқынмен Ауғанстан, 1,1 миллионмен Сомали келеді.

Босқын берген басқа елдер болса Оңтүстік Судан, Судан, Демократиялық Конго Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Мьянма, Эритрея және Колумбия.

Рапортта айырықша  2015 жылы 1 миллион босқын келген Еуропаға сын айтылды. Әлемдегі босқын жүгін көбіне даму жолындағы елдердің көтеріп отырғаны атап көрсетілді.

Әлемдегі босқындардың 86 пайызына даму жолындағы елдер есігін ашқан. 4,2 миллион босқын болса ең аз дамыған елдерде.

Түркия - әлемде ең көп босқынды паналатын отырған ел.



Ұқсас жаңалықтар