АҚШ ғарышқа жіберген «Falcon 9» зымыраны құлады

«Falcon 9» зымыраны қону сынағы кезінде мұхитқа құлады.

512094
АҚШ ғарышқа жіберген «Falcon 9» зымыраны құлады

Америка Құрама Штаттарының Флорида штатындағы Канаверал (Cape Canaveral) базасынан ғарышқа ұшқан «Falcon 9» зымыраны 2 бөлек коммуникация жер серігін табысты түрде өзінен айырған соң қону кезінде мұхитқа құлады.

Зымыранды өндірген "SpaceX" фирмасының қожайыны Элон Муск әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде қону үшін қолданылған 3 мотордың бірінің бұзылғанын атап көрсетті.

10 немесе 20 рет қолданылатын бір «Falcon 9» зымыраны үшін 60 миллион доллар жұмсалса, ұшқан сайын 200-300 мың доллар төңірегінде жанармай қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар