Еуроодақтың Түркия делегациясы төрағасы отставкаға кетті

Хансжөрг Хабердің отставкаға кетуін Еуроодақ Жоғары өкілі Федерика Могорини тікелей талап етті.

510679
Еуроодақтың Түркия делегациясы төрағасы отставкаға кетті

Еуроодақтың Түркия делегациясы төрағасы өкілетті елші Хансжөрг Хабер міндетінен отставкаға кетті.

Хабер өткен ай бір топ журналистке берген арнайы брифингте түрік азаматтарына Шенген аймағында виза жеңілдігімен байланысты кезеңге қатысты наразылықтарға себеп болған сөздер айтқан болатын.

Мәлімдемелері себепті Сыртқы істер министрлігіне шақырылған Хабер Брюссельдің де қысымдары артқан соң отставкаға кетуге мәжбүр қалды.

Отставкаға кету талабының тікелей Еуроодақ Жоғары өкілі Федерика Могориниден келгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар