Францияда 1 аптадан бері қоқыстар жиналмайды

Акциялар қазірден-ақ Францияны 300 миллион евро шығынға ұшыратты.

507443
Францияда 1 аптадан бері қоқыстар жиналмайды
paris, çöp.jpg
fransa polisi.jpg

Франция қонақжайлық жасаған Еуропа футбол чемпионаты (EURO 2016) елдегі протесттер мен жұмыс тастау акцияларының көлеңкесінде ертең (жұма) басталады.

Парижде қоқыс жою орталығы жұмысшыларының жаңа жұмыс заңы жобасына қарсы сейсенбі күні бастаған наразылық акциясы жалғасуда. Акция себепті Париждің қоқыстары 1 аптадан бері жиналмайды. Қаланың көптеген аймағында қоқыстар үйілген.

Күніне 2 мың тонна қоқыс 200 жүк көлігімен тасымалданған тазалау орталығында жылына 700 мың тоннаға жуық қалдық қайта өңдеуге жіберіледі.

Теміржолы жұмысшыларының акциясы ел көлемінде қатынасқа болымсыз ықпал етуде. Ұлттық темір жолы басқармасы жұмыс тастаудың қаржылай шығынының қазірден-ақ 300 миллион евроға ұласқанын білдірді.

Ашулы жұмысшылар елдің түкпір-түкпірінде көрмеге қойылған Еуропа Футбол чемпионаты кубогын ел астанасына әкелген пойыздың алдын алуға тырысты.

Кубок полицияның қорғауында бас қалаға әкелініп, лауазымдыларға табыс етілді.

Басқа жағынан чемпионат ойналатын елде террор уайымы жалғасуда.

10 маусым-10 шілде күндері арасында өтетін турнирде 10 қалада 51 матч ойналады.

Euro 2016 үшін шамамен 8 миллион жанкүйердің сүйердің Францияға келуі күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар