Жел энергиясы үшін саяси декларация

Солтүстік теңізге шекаралас 9 ел саяси декларация және іс-қимыл жоспарына қол қойды.

505175
Жел энергиясы үшін саяси декларация

Солтүстік теңізге шекаралас 9 ел (Германия, Бельгия, Франция, Дания, Нидерланды, Люксембург, Ирландия, Норвегия және Швеция) энергияға тәуелділікті азайту және теңіздерде жел энергиясын өндіруді дамыту  үшін саяси декларация және іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Келісім арқылы электр желілерінің бір-біріне байланыстырылуы,  өзара энергия саудасын арттыру және энергия нарықтарының интеграциясы да нысанаға алынған.

Еуропа Одағы комиссиясының Энергия бірлігіне жауапты төраға орынбасары Марос Сефкович рәсімде:

«Бүгінгі декларация Энергия бірлігі бағытында маңызды қадам.  Жақын аймақтық ынтымақтастық және энергия көздерінің қосылуы  Солтүстік теңіздегі резервтердің толық әлеуетінің ортаға шығарылуы үшін өте маңызды» деді.

Саяси декларацияға қарағанда тоғыз елдің энергия ынтымақтастығы 4 тақырыпта шоғырланады.

Алаң жоспары арқылы теңіздегі шектеулі алаңдар бағаландырылады.

Электр желілері ауқымды теңіз жел стансаларына жететіндей түрде жетілдіріледі.

Нарықтар электр күшінің қажетті аймақтарға жеткізілуіне мүмкіндік береді.

Желі жоспары үйлесімді түрде жүргізіледі.



Ұқсас жаңалықтар