Балаларды босату үшін келісті

Йеменде тараптар қақтығыстар барысында тұтқынға түскен балаларды өзара босату үшін келісті.

505527
Балаларды босату үшін келісті

Йеменде тараптар қақтығыстар барысында тұтқынға түскен балаларды өзара босату үшін келісті.

Келісімге қарағанда қақтығыстар барысында тұтқынға алынған балалар шартсыз түрде жанұяларына тапсырылады.

Келісім жүзеге асатын болса бұл шиіт хоуситтер мен Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция арасында 21 сәуір күнінен бері жалғасып келе жатқан бейбітшілік келіссөздерінен шыққан бірінші нақты нәтиже болмақ.

БҰҰ-ға қарағанда Йемендегі қақтығыстарда кемінде 6 мың 400 адам қаза тапты.  Кемінде 785 бала қақтығыс кезінде қаза тапты.  Шамамен 1200 бала жарақат алды.

Йеменде тұтқын балалар келісіміне қарамастан,  атысты тоқтату бітімінің шеті көрінер емес.

Аден әуежайында қауіпсіздік күштері мен қарулы бір топ арасындағы қақтығыста бір азамата қаза тапты.

Таизде хоуситтердің шабуылында екі адам опат болды. 17 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар