Америка әскерлері террор ұйымының киімін киді

Ракка қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен кері алу үшін басқа бір террор ұйымымен жасалған лас ынтымақтастықтың суреттері ортаға шықты.

498847
Америка әскерлері террор ұйымының киімін киді

Сирияның Ракка қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен кері алу үшін басқа бір террор ұйымымен жасалған лас ынтымақтастықтың суреттері ортаға шықты.

Хабар агенттіктері операцияға қатысқан Америка әскерлерінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы саласы PYD/YPG –нің ауыз жүзіндегі гербі бар киім киіп жүргендегі кезін түсірді.

Суреттерде Америка әскерлері террористтермен бірге тұр.

АҚШ Қорғаныс министрлігі оқиғаға байланысты Арнайы күштердің өздерін қорғау үшін осындай шара қолданған болуы керек екенін айтты.  Бірақ бір Америка әскерінің террористтердің қауіпсіздігіне мұқтаж екендігі түсінікті емес.

Пентагон баспасөз хатшысы Питер Куук Ракканың ДАИШ-тен кері қайтарылуы операциясындағы осы суреттер еске салынғанда, ешнәрсе айтпады.

Куук операцияның қауіпсіздігі себебімен әскерлер жүрген жерлерді мәлімдей алмайтынын айтып: «Әскерлер ДАИШ-ке қарсы соғысқан күштерге кеңес және көмек қызметін беруде. Әскерлер қолдауын, қабілеттерін осы күштердің ықпалын жетілдіру үшін ұсынады.  Әскерлеріміз алғы шепте емес» деді.

Куук сұрақтарға орай «Арнайы күштер бұрын да кейбір ортақтарының символдарын және куәліктерін көрсететін ишараттарды қолданды» деді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Марк Тонер де суреттер жөнінде Қорғаныс министрлігінің мәлімдеме жасауға құқығы бар екенін айтты.

Тонер: «Арнайы операция күштерінің Сирия Демократиялық күштерімен координацияда соғыс алаңындағы кеңес беру және көмек аясында Сирияның солтүстігінде болатынын бірнеше апта бұрын білдірген едік» деді.

YPG террор ұйымының Американың ауыр қаруларын қолданғаны туралы сұраққа да «Өкінішке орай қолдарына түскен қару-жарақты қолданады.  Бұлардың қайдан келгенін айту мүмкін емес. Бұл туралы нақты анықтама жоқ» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар