Араб Одағы Израильге қарсы одан көп қысым жасалуын талап етті

Араб Одағы Некбенің (Үлкен апат) 68 жылдығына орай жазбаша мәлімдеме жасады.

491728
Араб Одағы Израильге қарсы одан көп қысым жасалуын талап етті

Араб Одағы халықаралық қоғамға Израильге «одан көп қысым жасау» үшін шақыру тастады.

Некбе яғни ‘Үлкен апаттың’ 68 жылдығына орай Араб Одағы жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, Израильдің Палестина халқына бағытталған нәсілшіл және аймақта соғысқа себеп болатын ұстанымдары айыпталды.

Мәлімдемеде БҰҰ-нан бастап, халықаралық қоғамға үн қатып, «БҰҰ Жалпы кеңесінде 1948 жылдың желтоқсан айында босқындармен байланысты қабылданған №194 шешімнен бастап, халықаралық заңды шешімдердің іске қосылуы үшін басқыншылықпен тіршілігін жалғастырған Израильге одан көп қысым жасау керек» делінді.

Мәлімдемеде халықаралық шешімдерге қарағанда 1967 жылғы шекаралар аясында астанасы Шығыс Иерусалим болған тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылып, халқына қайтарылмайынша бейбітшіліктің орнамайтыны атап көрсетілді.

Палестиналықтардың «Некбе» яғни «Апат» күні басқаша айтқанда Израиль мемлекеті құрылған күн болып қабылданады.

1948 жылдың 14 мамыр күнінен бері 700 мыңнан астам палестиналық босқын ретінде қаза тапты.

13 мыңнан астам палестиналық болса Израиль тарапынан өлтірілді.

Қазіргі таңда 5 миллионнан астам палестиналық босқын лагерлерінде өмір сүруде.



Ұқсас жаңалықтар