Меркель келісімді жақтады

Меркель Түркия мен ЕО арасында наурыз айында жасалған келісімнің адамдардың өмірін құтқарғанын айтып,  қажеттілігін жақтады.

490014
Меркель келісімді жақтады

Германия канцлері Ангела Меркель еліндегі оппозицияның сынына ұшыраған Түркия мен ЕО арасындағы босқын келісімін қорғады.

Германия Сыртқы істер министрлігінде өткен бір форумда сөз сөйлеген Меркель Түркия мен ЕО арасында наурыз айында жасалған келісімнің адамдардың өмірін құтқарғанын айтып,  қажеттілігін жақтады. 

Биылдың басынан келісім күшіне енген наурыз айына дейін 350-ден астам адам өлгенін айтқан Меркель: «Осы келісім күшіне енгеннен кейін болса қаза тапқан адам саны – 7» деді.

«Тек адам өмірі үшін Түркиямен осындай келісім жасауға татиды» деген канцлер босқын дағдарысы алдында ЕО-ға мүше елдердің ортақ қозғалыстарын жалғастыруы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар