Еуроодақтан хабар

Еуроодақ комиссиясы жаңа жоспар дайындалғаны жөніндегі хабарларды жалғанға шығарды.

488149
Еуроодақтан хабар

Еуроодақ комиссиясы Түркиямен наурыз айында келісілген келісім бұзылатын болса,  босқындардың грек аралдарында қалуын көздейтін жаңа жоспар дайындалғаны жөніндегі хабарларды жалғанға шығарды.

ЕО комиссиясының баспасөз хатшысының орынбасары Александр Виндерштайн күнделікті баспасөз мәслихатында осы тақырыптағы бір сұраққа орай: «Б жоспары жоқ,  тек А жоспары ғана бар» деді.

Баспасөз хатшысының орынбасары түрік азаматтарына виза еркіндігі жөнінде де Анкарамен жұмыстануды жалғастырғандарын білдірді.

Президент Ердоғанның террор ұғымының өзгертілмейтіні жөніндегі сөздерінен кейін виза еркіндігі үдерісінің доғарылып доғарылмайтыны туралы бір сұраққа Виндерштайн: «Түрік үкіметімен бір келісім бар.  Түрік үкіметі берген уәделер бар және түрік үкіметімен жұмыстануымызды жалғастырамыз» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар