Эквадордағы зілзалада қаза тапқандар саны 654-ке өсті

Жер сілкінісінде 16 мың 601 адам да жарақат алды.

477047
Эквадордағы зілзалада қаза тапқандар саны 654-ке өсті

Оңтүстік Америка елдерінен Эквадорда өткен апта болған 2 үлкен жер сілкінісінде қазірге дейін қаза тапқандар саны 654-ке өсті.

Жер сілкінісінде 16 мың 601 адам да жарақат алды. Елде 58 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Елбасы Рафаэль Корреа зілзаланың ұлттық бір трагедия екенін атап, жер сілкінісінде қаза тапқан 654 адам мен олардың қайғылы жанұялары үшін 8 күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Елде соңғы жылдары ең үлкен апатының болғанына назар аударған Корреа азаматтарға бірлік шақыруы тастады.

Эквадор 16 сәуір күнгі 7,8 балл күшіндегі зілзаланың артынан сәрсенбі күні 6,1 балл күшіндегі екінші жер сілкінісімен шайқалған болатын.

Американ геологиялық зерттеулер орталығы жер сілкінісінің орталығы ретінде Муисненің 25 шақырым батысында теңіздің 16 шақырым тереңдігінде тіркелгенін жариялаған болатын.

Эквадор жұма күні де 5,8 және 6 балл күшінде екі дүмпілмен шайқалған еді.



Ұқсас жаңалықтар