Әлем бойынша босқын саны рекорд жаңартты

Екінші дүниежүзілік соғыстың артынан босқындар саны алғаш рет 60 миллионға ұласты.

474645
Әлем бойынша босқын саны рекорд жаңартты

БҰҰ Босқындар Жоғары комиссарлығы 60 миллион босқынның жартылай балалар екеніне назар аударды.

БҰҰ мағлұматтарына қарағанда әр үш минут сайын бір адам елін тастап босқынға айналуда.

Бір босқын ел-жұртын тастап паналаған мемлекетте орташа 17 жыл тұрады. Соңғы жылдары ішкі соғыстан қашқан 8 миллион босқын санымен Сирия бірінші орында.

8 миллионның жартысы көрші елдерді паналаса, қалғандардың көпшілігі Еуроодақ елдеріне баруды армандайды.

Оңтүстік Судан, Ирак және Йемен де соңғы жылдары босқын саны артқан елдер арасында.

Ауған және палестиналықтар да ұзақ жылдардан бері елдерін тастап кетуге мәжбүр қалған тұрғындар қатарында орын алады.

Соңғы кезеңде босқындарды ең көп қабылдаған ел ретінде Түркияда әр жүз адамның үшеуі босқын болып табылады.

Бұл көрсеткіш Иорданияда 10 пайызға, Ливанда болса 30 пайызға дейін өседі.



Ұқсас жаңалықтар