Эквадордағы зілзалада қаза тапқандар саны 400-ден асты

Елді шайқаған 7,8 балл күшіндегі жер сілкінісінде 3 мыңға жуық адам жарақат алды.

473614
Эквадордағы зілзалада қаза тапқандар саны 400-ден асты

Оңтүстік Америка мемлекеті Эквадорда сенбі күні болған 7,8 балл күшіндегі жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 400-ден асты. Елде 3 мыңға жуық жаралы бар.

Күн өткен сайын үміттер азайса да, іздеу құтқару топтары үйінділер арасынан тірі қалғандарды табуға тырысуда.

Эквадор елбасы Рафаэль Корреа апат аймағына барып, зардап шеккендермен бас қосты.

Корреа халқына бірлік және ынтымақтастықпен бұл үлкен жер сілкінісінің іздерін жоюға уәде берді.

Басқа жағынан көптеген елде де Эквадорға жәрдем үшін қозғалды.

Испания, Боливия, Куба, Мексика сияқты елдер жедел жәрдем және денсаулық топтарын елге бағыттады.

БҰҰ жәрдем үшін әуе коридоры құрды. Еуроодақ болса жер сілкінісінен зардап шеккен елге 1 миллион евро жәрдем жасайтынын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар