Үлкен 7 тобы елдерінің министрлері Хиросима құрбандарын еске алды

АҚШ-тың атом бомбасы шабуылына 140 мың азаматын құрбан берген Хиросима тарихи бір кезеңге қонақжайлық жасады.

468431
Үлкен 7 тобы елдерінің министрлері Хиросима құрбандарын еске алды

1945 жылы 6 тамыз күні АҚШ-тың атом бомбасы шабуылында жермен-жексен болған және 140 мың адам қаза тапқан Хиросима тарихи бір кезеңге қонақжайлық жасады.

Әлемнің жетілген 7 экономикасы құрған «Үлкен 7» тобы елдерінің Сыртқы істер министрлері Жапонияның Хиросима қаласында жиналды.

Үлкен 7 тобы құрамындағы АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия және Жапонияның Сыртқы істер министрлері Хиросима құрбандарын еске алды.

Хиросима құрбандарына арнап салынған ескерткішке барған министрлер осыған гүл шоқтарын қойды.

Міндеті басында Хиросимаға барып, құрбандарды еске алған АҚШ-тың ең жоғары лауазымдысы ретінде Джон Керри Хиросима бейбітшілік ескерткіші паркіндегі мұражайдағы естелік дәптеріне «барлық әлем бұл ескерткішті көріп, күшін сезінуі керек» деп жазды.

«Бұл ескерткіш тек қана ядролық қару қаупін жою міндетімізді емес, сондай-ақ өзімізді барлық соғыстардан бас тарту керектігін де өкінішпен еске салады» деген Керри соғыстың ешнәрсеге шешім болмайтынын, соғысты соңғы шара ретінде қолдану керектігін жазды.

Үлкен 7 тобы елдері Сыртқы істер министрі жиналысында ядролық қарусыздану тақырыбы ауқымды түрде қолға алынады.

Украина және Таяу Шығыстағы саяси дағдарысқа қоса, Кореядағы дағдарыс, теңіз қауіпсіздігі және террормен күрес тақырыптары да талқыланады.

Үлкен 7 тобы елдері мемлекет басшылары болса келесі ай қайтадан Жапонияға келеді.



Ұқсас жаңалықтар