Сириядағы оппозиция күштері Ағжабайыр ауылын кері қайтарды

Сирияның Лахкийе ауылдық аймағындағы Түрікментауындағы оппозициялық күштер Ағжабайыр ауылын кері қайтарды.

468197
Сириядағы оппозиция күштері Ағжабайыр ауылын кері қайтарды

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарына қарағанда режимнің Түрікментауындағы ауылдарға бағытталған шабуылдары жалғасып жатқанда, оппозициялық жасақтар азанғы уақыттан бастап оңтүстіктегі түрікмен ауылы Ағжабайырға операция бастады.

Оппозиционерлер қарқынды қақтығыс болған аймақта шамамен 2 ай бұрын режим күштерінің бақылауына өткен Ағжабайыр ауылын кері қайтарғанын жариялады.

Қақтығыстар жалғасып жатқанда оппозиционерлердің Ағжабайыр төбесіне қарай жылжығаны және төбенің үлкен бөлігін қолға түсіргендерін білдірді.

Ағжабайыр төбесі Жебел Экрад пен Түрікментауы арасындағы қатынас жолын бақылауға алғаны себепті стратегиялық маңызға ие.



Ұқсас жаңалықтар