Исландия премьер-министрі Панама құжаттары себепті отставкаға кетті

Құқық фирмасының жарияланған құжаттары көптеген мемлекет басшысы мен саясат қайраткерін мазалады.

464339
Исландия премьер-министрі Панама құжаттары себепті отставкаға кетті

Орталығы Панама болған «Mossack Fonseca» құқық фирмасына тиесілі 11 миллион беттен тұратын құжаттар «Панама тіркеулері» деген атпен медиаға тарады.

1970 жылдан бастап қазірге дейінгі уақытты қамтыған құжаттарда «offshore» есепшоттары арқылы салық төлеуден қашқан 12 мемлекет басшысы мен 143 саясат қайраткерінің де бар екені алға тартылады.

Құжаттарда Исландия премьер-министрі, Сауд Арабиясы королі, Украина президенттері, Біріккен Араб Әмірліктері мен аргентиналық саясат қайраткерлері, Ұлыбритания премьер-министрінің әкесі, Сирия басшыларының туысқандары және Ресей президенті Владимир Путиннің жақын жосының аты бар.

Путиннің ең жақын достарының бірі музыкант Серги Ролдугинге тиесілі offshore банк есепшоттары бар екені, салық төлеуден қашу үшін шамамен 2 миллиард долларлық ақша жіберілген есепшотқа Путиннің де қатысы бар екені алға тартылады.

Ақша ағымының Панамадан Ресей, Швеция және Оңтүстік Кипр понти әкімшілігіне дейінгі өте ауқымды бір аймақты қамтығаны атап көрсетіледі.

Құжаттарда саясат қайраткерлерінен басқа өнерпаздар, іскерлер, футболисттер сияқты аса маңызды тұлғалардың аттары орын алады.

Бұл жаңалықтың артынан құжаттарда аты аталған Исландия премьер-министрі Сигмюндюр Давид Гюннлейгссон отставкаға кеткенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар