АҚШ президенті НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергті қабылдады

АҚШ президенті Барак Обама әлемнің шайқалысты бір кезеңнен өтіп жатқанын атап «НАТО қауіпсіздігіміздің іргетасы» деді.

464765
АҚШ президенті НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергті қабылдады

АҚШ президенті Барак Обама әлемнің шайқалысты бір кезеңнен өтіп жатқанын атап «НАТО қауіпсіздігіміздің іргетасы» деді.

АҚШ президенті Барак Обама НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен Ақ үй де қабылдады.

Бас қосудың артынан баспасөзге мәлімдеме жасаған Обама НАТО-ны террор ұйымы ДАИШ-пен күреске үлесіне қоса Ауғанстандағы қызметі және Еуропадағы босқын дағдарысына берген қолдауы себепті мақтан тұтты.

Обама НАТО-ның Ливия, Ирак, Йордания және басқа елдерде де террор топтарымен күреске қолдау бере алатынын атап көрсетті.

Әлемнің шайқалысты бір кезеңнен өтіп жатқанын атап көрсеткен Барак Обама Еуропаның жаһандық қауіпсіздік жүйесінде ең көп дағдарыс шыққан құрлық екеніне назар аударды.

Обама ортақ қорғауларда НАТО-ның роліне тоқталып, «НАТО біздің ортақ қорғанысымыз бен қауіпсіздік саясатымыздың іргетасы болуды жалғастырады» деді.

НАТО-ның әлемнің қауіпті аймақтарында қызмет атқарып жатқанын еске салған Столтенберг одақтың Ирактың қауіпсіздік күштерін жаттықтыра бастағанын да мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар