Ирактың Энбар қаласы апат аймағы ретінде жарияланды

Абдуррахман Эл-Лувейзи шешімнің Мәжілісте дауыс көпшілігімен қабылданғанын мәлімдеді.

463657
Ирактың Энбар қаласы апат аймағы ретінде жарияланды

Сексен пайызы жермен-жексен болған Ирактың Энбар қаласы апат аймағы жарияланды.

Ирактық күштер коалициясы депутаты Абдуррахман Эл-Лувейзи Мәжілісте дауыс көпшілігімен Энбар қаласын апат аймағы ретінде жариялауға шешім қабылданғанын атап көрсетті.

Лувейзи қабылданған шешімнің ахлақтық тұсы бар екенін және үкіметті Энбарға маңызды жәрдемдер жасауға мәжбүрлейтінін атап көрсетті.

Энбар қаласына ДАИШ террор ұйымы мен Ирак қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстар кезінде үлкен зиян келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар