10 мың босқын бала жоғалып кеткен

Еуропадағы босқындар тек сириялықтардан тұрмайды.

462209
10 мың босқын бала жоғалып кеткен

Халықаралық Мигрант құқықтары қоғамының басшысы Угур Йылдырым кейбір Еуропа елдеріндегі босқын лагерьлеріне барып келгеннен кейін көргендерін баспасөз өкілдерімен бөлісті.

Йылдырым байланыстары аясында Германия, Франция, Белгия, Голландия және Балқан елдерінде лагерьлерді аралап шыққанын айтты.

Оның айтуынша ең дамыған Еуропа Одағы елдеріне 1 миллион босқын қабылданса, ең кедей елдердің бірі Бангладешке 1,5 миллион Аракандық босқын барды.

Еуропадағы босқындар тек сириялықтардан тұрмайды. Лагерьлерде Эритрея, Ауғанстан, Сомали, Джибути, Ирак, Иран және Африканың көптеген елінен босқындар тұрады.

«Еуропадағы лагерьлерде тұратын сириялық босқын саны 350-400 мың шақты» деген Йылдырым «Еуропаға келген 10 мың бала жоғалып кеткен. бұл балалардың тағдыры белгісіз. Еуропа үкіметтері бұл балаларды табуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар