Орыс әскерлері Сириядан шегінеді

Путин Сириядағы орыс күштерінің басым бөлімінің шегінуі үшін бұйрық берді

450940
Орыс әскерлері Сириядан шегінеді

Ресей Президенті Владимир Путин Сириядағы орыс күштерінің басым бөлімінің шегінуі үшін бұйрық берді.

Орыс хабар агенттігі ТАСС кеше Путиннің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен бірге Сириядағы жағдайға байланысты кездесу өткізгенін хабарлады.

ТАСС-тың хабарына қарағанда Путин кездесуде Шойгуға Сириядағы орыс армиясының басым бөлімінің бүгіннен бастап шегіне бастауы жөнінде бұйрық берді.

«Қорғаныс министрлігі және армияның өзіне берілген міндеттерді жалпы алғанда орындағанын ойлаймын» деген Владимир Путин Тартустағы теңіз базасы мен Хымейминдегі әскери әуе базасының жағдайының сақталуын талап етті.

Хабарда Путин және Сирия Президенті Башар Асадтың телефон арқылы кездесіп, Сириядағы орыс күштерінің шегінуі жөнінде келісімге барғанын баяндады.

Ресей мәлімдемешісі армияның шегінуіне байланысты егжей-тегжейдің Қорғаныс министрлігі тарапынан белгілейтінін айтты.

Осы барыста Путин осы шешімді Америка Құрама Штаттары Президенті Барак Обамаға телефон арқылы білдірді.

Иран Сыртқы істер министрі Жевад Зариф Ресей Президенті Владимир Путиннің Сириядан шегінуіне бұйрық беруін атысты тоқтату келісімі үшін болымды сигнал ретінде түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар